Монополияға қарсы заңнаманың бұзылуын анықтаған павлодарлықтар не істеу керек?

Монополияға қарсы заңнаманың бұзылуын анықтаған павлодарлықтар не істеу керек?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Арнайы құрылған топ заң бұзушылықтарды тексеріп, алдын алу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Павлодар облысы бойынша департаментінің негізгі міндеті – адал бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және тергеп-тексеру, жолын кесу, бәсекелестікті шектейтін нарық субъектілерін монополиясыздандыру. 

Осы мақсатта департамент мамандары ірі кәсіпкерлік субъектілеріне тұрақты түрде тексерулер жүргізеді.

Облыста 13 мүшеден тұратын Кедергілер жөніндегі кеңес жұмыс істейді, оның 12-сі азаматтық қоғам өкілдері, кәсіпкерлер және бір департамент өкілі. Бұл қоғам мүддесі үшін бар кедергілерді барынша объективті бағалауға және жоюға мүмкіндік береді. Кеңесте 9 мәселе қаралып, оның 2-і жергілікті аймақтық деңгейде шешімін тапты.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Бейбіт Молдабековтың айтуынша, 64 мемлекеттік кәсіпорынның қызметіне мониторинг жүргізіліп, олардың жарғылық қызметі зерделенді.

Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамада және кәсіпорындардың жарғыларында көзделмеген қызмет түрлерін алып тастау және жүзеге асыруды тоқтату туралы 29 ұйғарым шығарылып, толық көлемде орындалды.

Кеңес тобы тұрғындардың арыз-шағымдары бойынша да жұмыс істейді.

– Арыз-шағымдарға жедел жауап беру үшін сайтымызда анықтамалар үшін телефон нөмірі ретінде жеке нөмірімді қалдырдым. Азаматтар үшін әрқашан ашықпын, әр шағымға жеке жауап беруге дайынмын, – деп атап өтті Бейбіт Молдабеков.

Монополияға қарсы заңнаманың бұзылуын анықтасаңыз, 8 701 566 07 93 (Молдабеков Бейбіт Қабдешұлы) телефонына хабарлауға болады.