Павлодар-Астана тасжолында автобус жолаушыларына көмек көрсетілді

20 Ресей азаматы жақын маңдағы елді мекенге эвакуацияланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақмола облысы Ерейментау қаласынан 50 шақырым жерде Павлодар – Астана маршрутымен жүріп келе жатқан рейстік автобус бұзылып, жүргізуші құтқарушылардың көмегіне жүгінді.
ТЖМ қызметкерлері техникалық ақаулы автобустан жолаушыларды эвакуациялап, жақын елді мекенге орналастырды.
Эвакуацияланған 50 адамның 20-сы Ресей Федерациясының азаматтары. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.