Павлодарда бір гектар құрғақ шөп жанды

Павлодарда бір гектар құрғақ шөп жанды
Фото: Константин Шелков

Өрт сөндірушілер жарты сағатта тілсіз жауды ауыздықтап үлгерді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сәуірдің 6-сы күні сағат 19:30 шамасында өрт сөндіру қызметкерлеріне Усолка шағын ауданында Парковая, 35 көшесінде өрт орын алғаны жайлы хабар түскен. 

Өрт сөндіру қызметі мен құтқарушылар оқиға орнына сағат  20:03-те жетіп, 32 минутта  тілсіз жауды толық сөндірді. Салдарынан 1 гектар құрғақ шөп пен қамыс өртенген. 

Зардап шеккендер жоқ. Өрт шығу себептері анықталуда.