Павлодарда жүк көлігі өртенді (ВИДЕО)

Павлодарда жүк көлігі өртенді (ВИДЕО)

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қалалық төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, өрт туралы хабар «101» пультіне 2 тамыз күні сағат 19:35-те келіп түскен.

- «Северная» өндірістік аймағы, 511 мекенжайы бойынша өрт сөндірушілер жолдан кузовы жанып жатқан «MAN» жүк көлігін тапты. Өрттің жалпы аумағы 15 шаршы метрді құрады, - делінген хабарламада.

Тілсіз жау сағат 19:59-да толығымен сөндірілді. 

Өрттің шығу себебі анықталуда.