Павлодар облысы тұрғын үй салу бойынша елімізде бірінші орында
Өткен жылы облыста 488 мың шаршы метр баспана салынған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл турал облыстық әкімдікте өткен кеңейтілген отырыста өңірлік экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ирина Назарчук мәлім етті.
- Өткен жылдың қорытындысы бойынша облысымыз тұрғын үй құрылысының қарқыны бойынша республикада көшбасшы атанды. Жалпы, 488,1 мың шаршы метр тұрғын үй салынды, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 1,3 есеге көп, - деді Ирина Назарчук.
Бұл ретте тұрғын үйлердің 67 пайызы (330,1 мың шаршы метр) жеке құрылыс салушылар есебінен пайдалануға берілді.
- 2022 жылы облыста мемлекеттік бағдарламалар аясында 472 пәтерді құрайтын 4 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілген, - деді Ирина Назарчук.
Айта кетейік, 2022 жылы облыста жалпы құрылыс саласында 287,6 млрд теңгенің жұмысы атқарылып, 2021 жылғыдан 7,6 пайызға өсті. Өңірде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының көлемі артқан.
Оразбек Саяхат
Фото: Константин Шелков