Павлодар облысы тәуелсіз бақылаушыларын сайлауға дайындады
Семинарлар төрт айға созылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Дауыс» коалициясының Павлодар облысы бойынша үйлестірушісі Алма Қозбаеваның айтуынша, шілде-қазан айлары аралығында облыстың қалалары мен аудандарында тәуелсіз бақылаушыларға арналған «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау комиссиясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын түсіндіру бойынша 15 семинар өткізілді.
– Тәуелсіз бақылаушылардың рөлі әділ сайлау үшін өте маңызды. Тәуелсіз бақылаушылар процесті объективті түрде бақылайды. Олардың негізгі міндеті сайлаудың әділ және адал болуына ықпал ету болғандықтан, олар сайлау нәтижесінде қызығушылық танытпауы керек, – дейді Алма Қозбаева.
Оның айтуынша, тәуелсіз бақылаушыларды даярлау дамыған елде мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып табылады.