Павлодар облысы өнеркәсіп көлемі бойынша көшбасшы үштікке кіреді
Өңірде өнеркәсіп секторы қарқынды дамып келеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы облыс әкімі Асайын Байханов «Достық үйінде» Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың «Павлодар облысының 2024 жылғы даму қорытындылары және 2025 жылға арналған жұмыс жоспарлары» тақырыбында баспасөз конференциясы мәлім етті.
– Біздің өңір өңдеуші өнеркәсіп көлемі бойынша ел көшбасшыларының үштігіне кіреді және шикізаттық емес экспорт көлемі бойынша төртінші орынды алады, – деді аймақ басшысы.
Облыс әкімінің айтуынша, өнеркәсіптің өсуі өңірдегі экологиялық жағдайға әсер ететіні сөзсіз, сондықтан индустрияландыру серпінін сақтай отырып, шығарындыларды тежеу және кезең-кезеңімен азайту міндеті қойылады.
Құны 178 млрд теңге болатын кешенді экологиялық шешімдер ERG тобының төрт ірі кәсіпорнында енгізілуде. Бұл оларға шығарындыларды жоспарлы түрде 50 мың тоннаға немесе 57%-ға төмендетуге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
2025-2027 жылдар аралығында Павлодар мұнай-химия зауытында, өңірдің үш ЖЭО, Екібастұз ГРЭС-1 және ГРЭС-2-де осындай шаралар қабылданады.
Еске сала кетейік, келесі жылы пластик, металл, қағаз және шыны шығаратын өңірдегі алғашқы заманауи қоқыс сұрыптау кешенінің құрылысы басталады. Кәсіпорынды 2025 жылдың соңына дейін іске қосу жоспарлануда.