Павлодар ауданында кәсіпкер қосалқы бөлшектер шығаруда
Бұл істі «МТС Береговое» ЖШС қолға алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыс әкімі Асайын Байханов фермерлер 116,2 мың га егістік алқабына тұқым сеуіп жатқан Павлодар ауданына барды. Ауданның көкөніс өсірушілерімен кездесіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және өткізу мәселелерін талқылады. Олардың көпшілігі табысқа және өнімді сақтауға бағытталған. Жақсы өнім жинаған кезде пайда табу үшін өнімнің өзіндік құнын оңтайландырумен айналысатын уақыт келді.
Егіс жұмыстарын 5 маусымға дейін аяқтау жоспарланып отыр.
– Ауданда 15 мың гектардан астам суармалы жер бар, оның ішінде 500 гектары тамшылатып суарылады. Мичурин алқабын пайдалануға бергеннен кейін суармалы алқап 25 мың гектарға жетеді, – деді аймақ басшысы.
Сондай-ақ облыс әкімі «МТС Береговое» ЖШС жұмысымен танысты. Кәсіпкер импорттық ауылшаруашылық техникасына арналған қосалқы бөлшектердің қымбат болуына байланысты заманауи токарлық станоктарды қолдана отырып, бөлшектерді өзі өндіруде және қалпына келтіруде. Өнімдерді алдымен өз техникасында сынақтан өткізіп, сәтті өткен жағдайда әріптестеріне ұсынуда.
– Жалпы, биыл өнімділік жоғары болады деп болжануда. Көктем де қолайлы болды. Мен де фермерлер сияқты көктемгі егіс жұмыстарының нәтижесі жақсы болады деп үміттенемін, – деп атап өтті облыс әкімі.
Еске сала кетейік, Павлодар ауданының шаруа қожалықтарының бірі сары сәбіз өсіріп, қосымша тоңазытқыш жабдығы бар екі заманауи көкөніс қоймасын салуда.