«Іскер аймақ» павлодарлық бизнесмендерге тегін оқу курсы ұсынылады

«Іскер аймақ» павлодарлық бизнесмендерге тегін оқу курсы ұсынылады
Фото: Константин Шелков

Білім беру бағдарламасы нарықтың қажеттіліктерін ескере отырып әзірленген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Іскер аймақ» бағдарламасы барлық кәсіпкерлерге арналған.

Павлодар облыстық «Даму» қоры бағдарламаларды ілгерілету жөніндегі бас менеджері Мадина Баденованың айтуынша, оқытудың артықшылығы – бағдарлама барлық кезеңдерді қамтып, табысты бизнеске қажетті білімді толық беруге бағытталған.

– Оқыту модульдері: қаржылық және құқықтық негіздер, мысалы, бухгалтерлік баланс, бюджет құру, ЖШС немесе ЖК тіркеу. Екінші модуль – сату және маркетинг: әлеуметтік желілерде ілгерілету негіздері, жарнама жасау, клиенттермен жұмыс және олардың адалдығын арттыру. Үшінші модуль – команда және басқару: қызметкерлерді қабылдау және бейімдеу, міндеттерді бөлу және мотивация, уақыт пен тиімділікті басқару. Төртінші модуль – бизнесті цифрландыру және автоматтандыру: CRM және онлайн-бухгалтерия, – дейді Мадина Баденова.

Білім беру платформасы уақыт өте келе пайда болған бизнес қажеттіліктерін ескереді.

– Мысалы, қазіргі цифрландыру дәуірінде кәсіпкерлерге жасанды интеллект көмегімен бизнес жүргізуге мүмкіндік беретін аспектілер бар. Оқыту форматы нарық сұранысына сай таңдалды. Адамдар сатуды және маркетингті ұйымдастыруды көбірек білгісі келді, – дейді бас менеджер.

Соңғы, бесінші модуль, салалық курс, талаптар мен ерекшеліктер, сату воронкалары, өткізу арналары және практикалық кейстерге арналған. Әр модульден кейін тапсырмалар, тексеру және бақылау тесті қарастырылған. Соңында қатысушылар сертификат алады.

Тыңдаушылардың ішінде білім беру қызметтері мен жеке клиникалардың өкілдері көш бастап тұр. Қызығушылық танытқандардың қатарында қайта өңдеу саласы да бар.  Саудамен айналысатын кәсіпкерлер үшін ұжыммен жұмыс және қызметкерлерді ынталандыру тақырыптары ерекше маңызды.

Қазіргі уақытта «Іскер аймақ» бағдарламасына 128 кәсіпкер тіркелген, олардың 35-і сертификат алған.

Білім беру курсы «Даму» қорының сайтында қолжетімді.