Павлодар облысында аптаның соңына қарай +30°С-қа дейін ыстық болады

Павлодар облысында аптаның соңына қарай +30°С-қа дейін ыстық болады
Фото: Константин Шелков

Аптаның аяғына қарай сынап бағанасы көтеріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz

«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, 14 тамызда  ауа температурасы +13...+18°С көрсетеді. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында жаңбыр жауады. Жел батыс бағытына қарай секундына 7-12 метрге дейін соғады.

15 тамызда түнде +5...+10°С, ал күндіз  +13...+18°С болады. Желдің жылдамдығы  оңтүстік-батыста секундына 9-14 метр, ал найзағай кезінде 15-20 метрге дейін жетеді.

16 тамызда түнде тұманды болып, күндіз жауын-шашынсыз ауа райы болады деп күтілуде. Сынап бағанасы +18...+23°С көрсетеді. 

17 тамыз күні де жауын-шашын күтілмейді. Синоптиктердің болжамынша, түнде +8+13°С, ал күндіз +20...+25°С болады. 

Жұма күні облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай күркірейді. Ауа температурасы түнде +9...+14°С, ал күндіз +22...+27°С көрсетеді. 

Демалыс күндері ауа райы +30°С дейін ысиды. Сенбіде облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауатын болады. Түнде +10...+15°С, ал күндіз сынап бағанасы +25...+30°С-қа дейін көтеріледі. Жексенбі, 20 тамызда облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады. Түнде +10...+15°С, ал күндіз +26...+31°С ыстық болады.