Павлодарлықтарды донор болуға шақырады

Павлодарлықтарды донор болуға шақырады
Фото: Константин Шелков

Екі санаттағы қан түрлері қажет, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодарлық қан орталығының мәліметінше, орталыққа бірінші «О» оң және екінші «А» оң топтарындағы қан түрлері керек. 

Қан тапсыруға ниет білдірушілер Естай көшесі, 89 мекенжайында орналасқан ғимаратқа сағат 8:30-дан 13:00-ге дейін бара алады. Орталық қызметкерлері донорлардан жеке куәлігін алып келуді сұрайды. 

Тұрғындар барлық сұрақтар бойынша 8 (7182) 32-48-32, 8 (777) 462-80-43 нөмірлерге хабарласып, кеңес ала алады.