Павлодар облысында асық ату ойыны қарқынды дамуда
Оған үлес қосып отырған – Ақсу қаласының спорт және дене шынықтыру бөлімінің өкілдері, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық асық ату федерациясының мәліметінше, Ақсу қаласы дене шынықтыру спорт бөлімімен бірлесіп, асық атуды қарқынды түрде дамыту қолға алынбақ. Федерация басшысы Қалибек Қуанұлы Ақсу қаласына аға жаттықтырушыны тағайындады.
– Қала, ауыл жастарымен ересектерді ұлттық спортқа бейімдейміз және де облыстық, республикалық деңгейде ойыншылар тәрбиелеу жоспарда. Осыған орай Ақсу қаласының спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Ирина Косареваға асық атудан аға жаттықтырушы Мырзахан Төленгенұлын таныстырып, бірлесіп жұмыс жасаймыз, – дейді федерация басшысы.
Облысымызда асық ату жоғары деңгейде дамып келеді.
Айта кетейік, облыстық асық ату федерациясы 2023 жылғы ҚР-нің үздік ойыншылары атанса, Қалибек Қуанұлы ҚР-ның үздік жаттықтырушысы және «Алтын тұғыр» иегері атанды.