Павлодарда көшпелі көрме ұйымдастырылмақ
Көрмеге ұмыт қалған ұлттық аспаптар қойылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығында наурыздың 11-12 күндері Ақмола облысы Қосшы қаласы мәдениет үйіне қарасты Ұлттық аспаптар музейінің қорынан көрме ұйымдастырылады.
Аталмыш көрмеге «Желбуаз», «Уілдек», «Тастауық», «Үскірік», «Құссайрауық» сынды тағы басқа ұмыт болған ұлттық аспаптар қойылады. Лекция концертті аталмыш музей жетекшісі, этнограф, музыкатанушы, қолөнер шебері Бақия Азамат Бейсеналыұлы бастаған этно-ансамбль жүргізеді.
Көрмені ортылақта сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін тамашалай аласыздар.
Айта кету керек, көрмені «Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығы мен “JEBE” қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруда.