Павлодар облысында Астана күні қанша бала дүниеге келді?

Павлодар облысында Астана күні қанша бала дүниеге келді?

Мерекеде облыста 27 бала дүниеге келді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 шілде – Астана күні 11 қыз және 16 ұл бала туды.   

– Екібастұзда салмағы ең үлкен –  4790 кг ұл бала жарық дүние есігін ашты. Бойы – 56 см. Ата-анасы ер баланың есімін Алпамыс деп атады, – дейді басқармада. 

Ең кішкентай баланың салмағы – 1400 г. Ол да Екібастұз қаласында дүниеге келген. Сәбидің есімі – Мұзафар.  

Елорда күні Екібастұз және Павлодар қалаларында 27 бала туды.

Фото: Константин Шелков