Сейсенбі күні Павлодар облысында 39 градус ыстық болады

Сейсенбі күні Павлодар облысында 39 градус ыстық болады
Фото: Константин Шелков

11 шілдеде жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды  @Рavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің болжамынша, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында аздаған өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа қарай 7-12 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде 17-22, күндіз 34-39 градус ыстық болады.

Павлодар қаласында ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа қарай 5-10 м/с соғады. Ауа температурасы түнде 19-21, күндіз 35-37 градус ыстық болады.