Павлодарда ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді
Оған үш ауданнан тауарлар әкелінеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, 12 тамызда Торговая көшесі, 2А құрылысы (Космонавтар және Торговая көшелерінің қиылысы) кезекті жәрмеңке болады. Ол жерде жергілікті тұрғындар арзандатылған бағамен өнімдер сатып ала алады.
Жәрмеңкеге Аққулы, Тереңкөл, Успен аудандары және Павлодар қаласына қарасты ауылдардың тауар өндірушілері қатысады.
Тауық жұмыртқасыменн «Павлодар Құс» ЖШС, «Шарбақты Құс» ЖШС жергілікті құс фабрикалары қамтамасыз етеді.
Естеріңізге сала кетейік, күнделікті негізінде фермерлер нарығында етті нарықтық бағадан 10-15% төмен бағамен сату жалғасуда.
Сенбі күндері осындай жәрмеңкелер Екібастұз қаласының («Народный» және Ақсу қаласының «Ауыл базары», сондай-ақ облыстың 10 ауданында ұйымдастырылады.)
Фермерлер базарының жұмыс кестесі: сейсенбіден жексенбіге дейін сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін.