Павлодар облысында автокөлік жүргізушісі апатқа ұшырады
Ол көлікпен басқаруды жоғалтып, жол құрылысына соғылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Атамекен – Курчатов тас жолында көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, бетон блокқа соғылған. Аталған факті бойынша оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің «Автомобиль жолдарын, темір жол өткелдерін және басқа да жол құрылыстарын бүлдіру» бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Зардап шеккендер жоқ.