Екібастұзда пәтерден өрт шықты

Екібастұзда пәтерден өрт шықты
pexels.com

Тілсіз жаудың шығуына электр тоғының қысқа тұйықталуы себеп болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz

Бұл туралы Екібастұз қаласы төтенше жағдайлар басқармасы мәлімдеді. 

- Өрт туралы хабарлама 30 қыркүйекте сағат 16:08-де түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына барғанда  М.Жүсіп көшесі, 28 көпқабатты үйдегі екі бөлмелі пәтерден өрт шыққаны анықталды. Жалын 20 шаршы метр алаңды шарпыған. Онда жиһаз және үй заттары жанды, - делінген хабарламада. 

Өрт 16:31-де жойылды.