Павлодарда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

Жол апаты салдарынан зардап шегуші ауруханаға түсті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
29 наурызда Лермонтов пен Аймауытов көшелерінің қиылысында «Toyota Harrier» жүргізушісі бұрылу кезінде жаяу жүргіншіге жол бере алмай қалған. Жол ережесін бұзу салдарынан жүргізуші реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жолды өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бала ауруханаға жатқызылды. Көлікті арнайы тұраққа орналастырды. Қазіргі таңда тексеріс жүргізілуде.