Павлодар облысында балалар арасында ЖРВИ көбейді

Павлодар облысында балалар арасында ЖРВИ көбейді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

103 қызметінде тіркелген жедел респираторлық вирустық инфекциялармен байланысты қоңыраулар саны көбейді, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық жедед жәрдем станциясының мәліметінше, ЖРВИ ауыр ағымы бар науқастардың 46-ы соңғы үш тәулікте жедел жәрдеммен ауруханаға жатқызылды. Егер орташа тәулік сайын жедел жәрдем 600-700 қоңырауды пысықтаса, онда соңғы үш тәулікте түскен қоңыраулар санының айтарлықтай өсуі байқалады: жұма күні – 794, сенбіде – 871, ал жексенбіде – 907. Сарапшылар мұндай жағдайда ЖРВИ ауруының жоғарылауымен байланыстырады.

– 1-3 желтоқсан аралығында 2572 шақыруды пысықтадық, – дейді 103 облыстық станция басшысының орынбасары Ольга Вербовая. – Олардың шамамен 30%-ы – жедел респираторлық вирустық инфекциялар жағдайлары. Әрине, балалар көбінесе ЖРВИ-мен ауырады. Соңғы үш күнде бірден 538 қоңырау түсті. Бұл ретте стационарларға жатқызуға ЖРВИ ауыр түрімен 46 адам жіберілді, оның 27-сі – балалар.

Өткен аптада жедел жәрдем қызметкерлері ЖРВИ-мен ауыратын науқастарды жаппай ауруханаға жатқызды. Инфекция бірден Қазақстан ІІМ оқу орталығының бірнеше курсанттарында анықталды. Жедел жәрдем желісі бойынша модульдік ауруханаға тоғыз адам жеткізілді. 

Дәрігерлер Павлодар облысының тұрғындарын ЖРВИ-нің алдын алуға байыпты қарауға және ауру қаупін азайту үшін қарапайым ережелерді сақтауға шақырады. Сонымен қатар, тұмауға және басқа вирустарға қарсы екпелерді қолдану арқылы иммунитетті нығайту қажет.