Павлодар облысында екі адам көлікпен қар құрсауында қалып қойды
Азаматтарға медициналық көмек қажет болмады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, 8 ақпан күні сағат 16:07-де Ақтоғай ауданының №15 Өрт сөндіру бөлімінің «101» пультіне Жаңабет ауылынан 7 километр қашықтықтағы Ертіс өзенінің жайылмасында екі адам «Митсубиси» маркалы көлікпен қар құрсауында қалып қойғаны туралы шақыру келіп түсті.
–Шақырту орнына келген соң 15-ӨСБ қызметкерлері және Мүткенов ауылдық округінің орманшысымен бірлесіп, құтқару операциясын жүргізді, онда адамдар қауіпсіз жерге эвакуацияланып, Жаңабет ауылының жылыту пунктіне көлігімен бірге жеткізілді, – делінген хабарламада.
Құтқарылған екі азаматқа медициналық көмек қажет болмады. Олар өрт сөндіру қызметкерлеріне жедел көмек пен құтқарғаны болғаны үшін шын жүректен алғыс білдірді. Олар құтқарушылардың жоғары кәсібилігі мен адалдығын атап өтті.