Павлодарда мотоцикл жүргізушісі адам қағып кетті
Сондай-ақ ол автокөлікке соғылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 30 шілдеде Торайғыров көшесімен жүріп келе жатқан «Kawasaki» маркалы мотоцикл жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Әрі қарай қозғалысын жалғастырып, «Chevrolet Cruze» автокөлігімен соқтығысқан.
– Жол-көлік оқиғасы салдарынан мотоцикл жүргізушісі мен жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылды, – дейді департаментте.
Мотоцикл коммуналдық тұраққа қойылды. Аталған фактіге қатысты тексеру жүргізіледі.