Павлодар облысында электр желісіне отырған құс өрт себепкеріне айналды
Екі ауылдың арасында құрғақ шөп жанды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 101 пультіне № 18 өрт сөндіру бекетінің бойынша Аққулы мен Бесқарағай ауылдарының арасындағы аудандық жол жиегінде құрғақ шөптің жануы туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына өрт сөндірушілер, ерікті өрт сөндіру бөлімдері келді, олар 60 шаршы метр аумақтағы жалынды жедел түрде жойды. Үйлесімді жұмыстың арқасында өрт басқа жерге таралмады.
Өрт сөндірушілердің айтуынша, құстар көбінесе электр желілерінде электр тогының әсерінен өледі. Бұл жағдайда олардың қауырсындары жанып, шөпті немесе құрғақ бұтақтарды өртеп, өрт тудыруы мүмкін.