Павлодар облысында газдан уланған балалардың жағдайы белгілі болды
Зардап шеккен екі ересек адамның да жағдайы анықталды , деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері 2016 және 2017 жылы туған балаларды қарап шыққаннан кейін оларды амбулаторлық емделуге жіберді. Екі ер адам да жеңіл уланумен үйге жіберілді.
Еске сала кетейік, жексенбіде кешкі сағат 18:05-те Шығыс өнеркәсіп аймағында орналасқан кафеде 27, 40 жастағы ер адамдар және 7 мен 16 жастағы балалар көміртегі тотығымен жаппай уланған.