Дауылдың салдары: Павлодар облысында отыздан астам ауыл әлі де жарықсыз отыр

Дауылдың салдары: Павлодар облысында отыздан астам ауыл әлі де жарықсыз отыр
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өңірде шатырды желмен ұшырып әкеткен 183 жағдай тіркелді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

– 18-19 қараша күндері «Қазгидромет» РМК-ның жариялаған дауылды ескертудің нәтижесінде облыста бірқатар оқиға тіркелді. Жалпы 183 ғимараттың  шатыры құлады. 117 елді мекенде электр қуаты өшіп қалды. Бүгінде оның ішінде 33 ауыл әлі де жарықсыз отыр, ал қалған 84-де электр қуаты берілді,– делінген хабарламада.  хабарлады ТЖД баспасөз қызметінде.

Еске сала кетейік, демалыс күндері қатты желдің салдарынан облыста дауылды ескерту жарияланған болатын. Қалалар мен аудандарда ағаштар құлап, бағдаршамдар майысып, шатырларды желмен ұшырып әкеткен.