Павлодар облысында жазатайым оқиғаларды тергеулер сапасыз жүргізілді

Павлодар облысында жазатайым оқиғаларды тергеулер сапасыз жүргізілді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік инспекторлар көбінесе бақылауындағы субъектілерді қолдаумен айналысқан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысының прокуроры Берік Жүйріктаевтың төрағалығымен өнеркәсіптік қауіпсіздік және өндірістік жарақаттану мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Бұған қадағалау қызметінің нәтижелері түрткі болды. Отырысқа өңірдің қала құраушы кәсіпорындарының басшылары қатысты. Кеңесте жүйелі бұзушылықтар, оның ішінде сыбайлас жемқорлық сипатындағы бұзушылықтар анықталды. Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті мұнай-химия, тау-кен өндіру салаларындағы жобаларды заңсыз келіскен, кейбір жағдайларда заңсыз жұмыс істейтін қауіпті объектілер бойынша әрекетсіздік орын алған. 

– Еңбек басқармасының жазатайым оқиғалар бойынша  жүргізген тергеулері сапасыз, жазатайым оқиғалар болған зауыттар кейіннен бақылаудан тыс қалған. Өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік инспекторлар көбінесе бақылауындағы субъектілерді қолдаумен айналысқан, – делінген хабарламада.

Дәлелденген фактілер бойынша прокурорлар сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады, оның ішінде Қылмыстық кодекстің пара алу және салғырттық сияқты баптары бойынша, соңғысы бойынша лауазымды адам үш жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.

Ал полиция органдары үш жыл ішінде Қылмыстық кодекстің 156-бабы (еңбек қорғау ережелерін бұзу) бойынша 63 қылмыстық істің ішінен екеуін ғана сотқа жолдаған, бұл атқарылып жатқан жұмыс тиімділігінің төмен екенін көрсетеді.

Талқылау қорытындысы бойынша үйлестіру кеңесінің шешіміне қарастырылып отырған салалардағы жағдайды жақсарту, сондай-ақ прокурорлық қадағалау шараларын қабылдау бойынша бірлескен әрекеттер кешені енгізілді.