Екібастұзда жылыту маусымына дайындық толық аяқталуға жақын

Екібастұзда жылыту маусымына дайындық толық аяқталуға жақын
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ақаулар жойылып, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер жылуға дайындалуда. 2026 жылға арналған жылу жүйесін жаңарту жобалары да әзірленуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Екібастұз қаласына жасаған жұмыс сапары барысында әкімдікте жылыту маусымына дайындық және 2026 жылдың басым жобалары тақырыптары бойынша кеңес өткізді. Бірінші қозғалған мәселелердің бірі – магистральдардың дайындықтары.

Қаланың жылу-электр орталығында (ЖЭО) пайдаланушы ұйымның қаражаты есебінен алты қазандық агрегаты жөнделіп, тағы төрт қазандық пен бір турбогенераторға жөндеу жұмыстары жоспарланған. Жылыту маусымы басталғанға дейін жеті қазандық толық пайдалануға дайын болады.

– Қазіргі таңда алты қазандық толық жөндеуден өтті, бір қазандықта жұмыстар жалғасуда. Ертең турбогенератор жөндеуге алынады. Тамыздың соңына дейін жеті қазандық толық дайын болады. Тамыз-қыркүйек айларында тағы үш қазандық жөнделеді, – деп баяндады Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин.

№2 және №7 жылу магистральдарының реконструкциясы аяқталып, құбыр желісінің тұтастығы қамтамасыз етілген. Мердігерлер абаттандыру жұмыстарын тамыздың соңына дейін толық аяқтауы тиіс. Қазіргі таңда 143 ақаудың 54-і жойылған. Ыстық сумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда: 83 үй осы апта соңына дейін қосылады, қалған ақаулар 20 тамызға дейін жойылады деп жоспарлануда.

– Тұрғын үй қорына қатысты схема мынадай: бірінші кезекте – әлеуметтік нысандар, екінші кезекте – жеке сектор, содан кейін қалғандары, – деді өңір басшысы.

2026 жылға арналған жоспарға сәйкес жылу магистральдарын кезең-кезеңімен жаңғырту жобалары дайындалуда. Бұған дейін №5 жылу магистралін қайта жаңғыртуға оң қорытынды алынған. №10, №11 және №16 магистральдары бойынша сараптамалар 2025 жылғы қыркүйекте аяқталады деп күтілуде. Жобалардың жалпы құны 7 млрд теңгеден асады.

Сондай-ақ, жеті орталық жылу пунктін жаңғыртуға арналған жалпы құны 1,6 млрд теңгелік жобалар әзірленген. №2, №3 және №4 жылу магистральдарына да жобалау-сметалық құжаттамалар дайындалып жатыр.

Ең бастысы жылыту  №2 және №7 жол магистральдары бойынша негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды. Енді осыдан кейін абаттандыру, тас жолдар мен басқа да бұзылған учаскелерді қалпына келтіру жұмыстарын 10 қыркүйекке дейін толық аяқтау қажет. Мердігерлерге осы тапсырма жүктелді. №2 және №7 магистральдарды реконструкциялау жұмыстары қысқа мерзімде және сапалы атқарылды. Бұл – жақсы нәтиже. Енді бастысы – абаттандыруды оқу жылы басталғанға дейін, яғни тамыздың соңына дейін аяқтау. Егер қандай да бір кемшіліктер қалса, оларды 10 қыркүйекке дейін жою керек, – деді Асайын Байханов.

Әкім гидравликалық сынақтар туралы сұрап, Аян Бейсекин бесінші қазандықтың іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатқанын, ыстық судың жоқтығына байланысты бұл процестің кешіккенін айтты.

– Жеті қазандықтан үшеуі су жылытатын, қалғандары энергетикалық қазандықтар. Жылыту маусымы бу жіберетін қазандықтардан басталады, кейін ауа райы суытқан сайын су жылытатын қазандықтар қосылады, – деп түсіндірді ол.

Жылыту маусымының нақты басталу мерзімі ауа райына байланысты анықталады. Тамыздың соңында нақты болжам сұратылмақ.

– Қазіргі гидравликалық сынақтарды жылына екі рет өткізу тәжірибесі өз нәтижесін көрсетуде. Ескірген жабдықтарды қолдануға болмайды. Тұрғындарды осы жөнінде, соның ішінде полицияның дауыс зорайтқыштары арқылы да хабардар етуді жалғастыру маңызды. Гидравликалық сынақтар ұзаққа созылуы мүмкін, және осы уақыт ішінде көліктерді белгілі бір жерлерге қоюға болмайды, – деді облыс әкімі.

Асайын Байханов қала кішкентай болғандықтан, ақпараттық каналдар арқылы ынтымақтасу арқылы тиімді жұмыс істеуге болатынын айтты.