Павлодар облысында күннің жылынуымен жол-көлік оқиғалары көбейген

Павлодар облысында күннің жылынуымен жол-көлік оқиғалары көбейген

Жедел жәрдем қызметкерлері өткен демалыс күндері  10 ЖКО бойынша жұмыс істеді, деп хабарлайды  Рavlodarnews.kz.

 Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, күннің жылуымен жол-көлік оқиғалары саны өскен. Бұл ретте балалар апатқа жиі ұшырайды. 26 мамыр күні Павлодарда Павлов - Геринг көшелерінің қиылысында екі көлік соқтығысып, оқиға орнына екі жедел жәрдем бригадасы жіберілген. Жол апатынан 37 жастағы әйел мен 2 жастағы бала зардап шекті. Науқас №1 қалалық ауруханаға, ал бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Облыс орталығында тағы бір ауыр жол-көлік оқиғасы 29 мамыр күні тіркелді. Екі көліктің соқтығысуынан 2014 және 2022 жылы туған екі қыз, сондай-ақ жүктіліктің 30 аптасындағы 37 жастағы әйелге  зардап шеккен. Балалар облыстық балалар ауруханасына, ал ересек пациент облыстық перинаталдық орталыққа жатқызылған.

Ең күрделі оқиға Баянауыл ауданында болған. 28 мамыр күні таңертең дәл жолда көлік аударылып, көлік салонында болған 27 жастағы ер адам аудандық орталық ауруханаға жеткізілген. Алайда жәбірленушінің алған жарақаттары ауыр болғандықтан, аудандық дәрігерлер медициналық авиация қызметкерлерін көмекке шақырған. 

–  Ол жерге хирург, нейрохирург және реаниматологтан тұратын арнайы политравма бригадасы ұшып келді, –  деді медициналық авиация меңгерушісі Алмагүл Бесембинова. –  Науқасқа лапаротомия және бас сүйегінің трепанациясы жасалды. Операциядан кейін ол механикалық желдету аппаратына ауыстырылды.

Дүйсенбі, 29 мамыр күні ер адамның жағдайы тұрақтанған соң әрі қарай емдеу үшін Павлодарға жеткізу туралы шешім қабылданып,  Баянауылға реанимациялық бригада жіберілген. 

Жалпы өткен демалыс күндері павлодарлық 103 қызметі әртүрлі күрделіліктегі 10 жол-көлік оқиғасын анықтады. Әрбір жағдайда апат орнына жол жүру 8 минуттан аспады, сондықтан ауруханаға жатқызу сатысында өлімге әкелетін бірде-бір нәтижеге жол берілмеді. Жедел жәрдемде аймақ тұрғындарын, автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүрушілерді жол ережелерін сақтауға және жолдарда сақ болуға шақырады. Бұл –  жолдарда жарақат алу мен өлімді болдырмаудың бірден-бір жолы.