Павлодар ауданында жаман әдетін қоймаған ер адам жазаланды
Елімізде ұсақ бұзақылық үшін жаза күшейтілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар ауданының жергілікті полиция қызметінің бастығы Қайрат Сатыбаевтың айтуынша, қоғамдық орындарда балағат сөздер айту, адамдарды қорлау және ғимараттар мен қоғамдық орындарға зиян келтіру ұсақ бұзақылыққа жатады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің қолданыстағы редакциясында ұсақ бұзақылық үшін 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 10 тәулікке қамауға алу қарасырылған. Қайта бұзушылық кезінде 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады.
– Ер адам қоғамдық орында балағат сөздер айтқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған, – дейді Қайрат Сатыбаев. – Әкімшілік сот қайта тәртіп бұзғаны үшін мамандандырылған ауыл тұрғынын 15 тәулікке әкімшілік қамауға алды. Сондай-ақ, учаскелік полиция инспекторының өтініші бойынша бір жыл мерзімге ішімдік ішуге тыйым сала отырып, құқық бұзушының тәртібіне ерекше талаптар қойылды.
Айта кетейік, жыл басынан бері облыста ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 310 қылмыскер жазаланған.