Павлодар облысында коммуналдық сұрақтар бойынша қоғамдық қабылдау өтеді
Тұтынушылар сұрақтарды онлайн режимде қоятын болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыс бойынша департаменті табиғи монополиялар субъектілерінің өкілдерімен бірлесіп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша тұтынушылар үшін қоғамдық қабылдау өткізеді.
Аталмыш қоғамдық қабылдауда әрбір тілек білдіруші коммуналдық саланың проблемалық мәселелерін шешу жолдары мен түсіндірмелерін ала алады.
Қоғамдық қабылдау онлайн режимінде 14 мамырда сағат 15:00-ден 16:00-ге дейін тікелей эфирде епартаменттің Facebook-тегі ресми парақшасында (https://www.facebook.com/profile.php?id=100064953654562) өтеді.
Толығырақ ақпаратты 8(7182) 321210, 321204 телефондары арқылы алуға болады.