Павлодар облысында ойын-сауық мекемелерінің антирейтингі жарияланды
Өткен жылы полицияға дәмханалар мен барлардан 521 шақыру түскен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысының полициясы ойын-сауық мекемелерінің антирейтингін өткізді.
– Талдау бөлімшесі 102 арнасы арқылы келіп түскен құқық бұзушылық туралы сигналдар бойынша ойын-сауық және көңіл көтеру мекемелерінің қауіпсіздік деңгейін бағалау өлшемшарттарын зерделеп, мониторинг жүргізді. Биыл полицияға түрлі сипаттағы 100 мыңнан астам хабарлама түсті, – деп хабарлады департаментте.
Антирейтингте облыс орталығының тоғыз ойын-сауық орны кірді: Ең көп шақырулар түскен: «Аликор» дәмханасы - 47, «Гоголь» бар - 35, «Ровшан» дәмханасы - 33, «Мангал» дәмханасы - 32, «Камелот» дәмханасы - 29, «Гудзон» дәмханасы - 28, «Полянка» дәмханасы - 25, «Альфа-Т» дәмханасы - 23, «Дипломат» мейрамханасынан - 28 қоңырау.
Полиция аталған мекемелердің атына құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс жолдады.