«AMANAT» партиясы Павлодар қалалық филиалының атқарушы хатшысы тағайындалды

«AMANAT» партиясы Павлодар қалалық филиалының атқарушы хатшысы тағайындалды
Фото: Константин Музалевский

Сүлеймен Сыздықовты «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының партиялық активіне таныстырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Сүлеймен Сыздықов 1983 жылы дүниеге келді. 2006 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын «Құқықтану»  мамандығы бойынша үздік тәмәмдады. Әр жылдары мемлекеттік қауіпсіздік, құқықтану, менеджмент, қоғамдық қызмет салаларында еңбек етті. 

2021 жылдан бастап осы уақытқа дейін «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. 

2020 жылдан бастап партия мүшесі.