Павлодар облысында пәтер бағасы қымбаттады
Қымбатшылық еліміздің тағы екі өңірінде байқалады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.
- Тұрғын үй нарығында бір жылда жаңа тұрғын үйлер бағасы 4,4% өсті. Ал пәтерлерді қайта сату бағасы 2,9% төмендеді. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда тамызда 17% артты, - делінген хабарламада.
Өңірлер бөлінісінде жаңа үйлер нарығында баға жылдық мәнде Ақтауда – 18%, Семейде – 16%, Павлодарда - 15,5% қымбаттаған.
Қолданыстағы пәтерлер нарығында баға өсімінің көш басында Семей (25,3%), Ақтөбе (22,5%), Қызылорда (15,5%) қалалары, тұрғын үйді жалға беру нарығында – Көкшетау (37,9%), Қонаев (36,1%), Ақтөбе (34,7%) қалалары тұр.
Бір айдың ішінде яғни ағымдағы эылдың тамызы мен шілдесіне қарағанда жаңа тұрғын үй бағасы өзгеріссіз қалған. Ұлттық статистика бюросы таратқан мәліметтен пәтерлерді қайта сату 1,8% төмендегені байқалады.
Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі шілдемен салыстырғанда тамызда 2,3% өскен.