Ақсуда фермерлер суару алқаптарына сұйық қалдықтар шығарған

Ақсуда фермерлер суару алқаптарына сұйық қалдықтар шығарған
Фото: pexels.com/HONG SON

Олар айыппұл арқалады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық экология департаментіне келіп түскен өтініш негізінде «Үштерек және К» ЖШС-не қатысты сұйық қалдықтарды алқапқа шығару фактісі бойынша жоспардан тыс тексеру аяқталды. 

– Жүргізілген тексеру нәтижесінде қалдықтарды жинақтауға экологиялық рұқсаттың болмауы фактілері анықталды, сондай-ақ, қалдықтарды суару алқаптарына орналастыру кезінде атмосфералық ауаға ластаушы заттар шығарылды. Олардың нормативтері экологиялық рұқсатта белгіленбеген, – деді департаментте.

Нәтижесінде «Үштерек және К» ЖШС-не қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 328-баптың (Қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін бұзу) 1-бөлігі және 6-бабы бойынша 630 мың теңгеден астам айыппұл өндірілді, сондай-ақ, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Сондай-ақ, Екібастұз қаласындағы «Казахстанский оператор по управлению отходами» ЖШС филиалына қатысты жоспардан тыс тексеру аяқталды. Департамент қызметкерлері өтінішке қоса берілген бейнематериалдарда көрсетілген объектіге шығуды жүзеге асырды. Тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді, ҚР ӘҚБтК-нің 344-бабының 2-бөлігі бойынша арнайы белгіленген орындардан тыс қалдықтарды орналастыру фактісіне қатысты 196 мың теңгеден астам әкімшілік айыппұл өндірілді.