Павлодарлық полицейлер шағын футболдан өзара бақ сынады (ВИДЕО)

Павлодарлық полицейлер шағын футболдан өзара бақ сынады (ВИДЕО)
pexels.com

Сайыс әкімшілік полицияның құрылғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, шағын футбол полиция департаментінің бөлімшелері арасында өтті.

- Павлодар қаласының полиция басқармасының полицейлері дене шынықтыруды сақтай отырып, спортзалға үнемі барады. Ал мұндай іс - шаралар ұжымды біріктіруге ықпал етеді әрі қызметкерлердің дене шынықтыру дайындығын арттырады, - деді Павлодар қаласының ПБ жергілікті полиция қызметінің бастығы Қанат Дүйсекенов.

Жарысқа барлығы 11 команда қатысты. Шиеленіске толы тартысты додада Павлодар қаласының ПБ Оңтүстік полиция бөлімінің командасы бірінші орынды иеленсе, екінші орынға Май ауданының ПБ қызметкерлерінің командасы тұрақтады. Ал үздік үштікті Екібастұз қаласы ПБ қызметкерлерінің командасы қорытындылады.

Жүлдегер атанған командалар грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Организация (@dp_pavlodar)