Павлодарда Абай күніне орай өлеңдер оқылады
Өлең сүйер қауымды атаулы мерекеге қатысуға шақырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
10 тамыз күні Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасында Абай күніне орай «Абай, махаббат әуені» атты әдеби-музыкалық кеш өтеді. Бұл кешке кітапханашылар Абай шығармашылығының жанкүйерлері мен тыңдармандарын шақырады.
– Жыл сайын 10 тамызда елімізде Абай күні атап өтіледі. Бұл - қазақ мәдениеті, әдебиеті мен поэзиясының ұлы күні. Абай Құнанбаев өз шығармашылығымен әдебиеттің дамуына, өзінің және одан кейінгі ұрпақтың музыкалық өнеріне зор ықпал еткен данышпан ақын-ағартушы және жаңашыл композитордың таланттары біріктірілген көрнекті қазақ қайраткерлерінің бірі болып табылады, – дейді кітапхана қызметкері Марал Таженова.
Абайдың шығармашылық мұрасында 170-тен астам өлең болса, оның көбін өзі күйге түсірген.
Айта кету керек, әдеби-музыкалық кеш 10 тамыз күні облыстық кітапханада сағат 15:00-де басталады.