Павлодар облысында Республика күніне біржолғы төлемдер кімдерге беріледі?

Павлодар облысында Республика күніне біржолғы төлемдер кімдерге беріледі?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Биыл әлеуметтік көмекпен қамтылатын азаматтар саны өсті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, Қазақстан Республикасы күні қарсаңында қала мен аудандардың бюджет қаражаттары есебінен 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, 1,2 топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 5 АЕК мөлшерінде, яғни 18 460 теңге біржолғы төлемдер аударылатын болады.

Облыс бойынша шарамен 18 мыңнан астам адам қамтылады. Былтыр аталмыш біржолғы төлемді 17 мың адам алды.