Павлодар облысында тағы бір ауыл алкогольден толық бас тартты

Павлодар облысында тағы бір ауыл алкогольден толық бас тартты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл — «Ішімдіксіз ауыл» профилактикалық іс-шарасы аясында іске асты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Ішімдіксіз ауыл» профилактикалық іс-шарасы аясында полицейлер Сынтас ауылының тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері талқыланды. Ауыл тұрғындарының әл-ауқаты мен қауіпсіздігін сақтаудың маңызды факторларының бірі ретінде алкогольдік өнімдерді тұтынудан бас тартуға ерекше көңіл бөлінді.

— Сынтас ауылының тұрғындары елді мекен аумағында алкогольдік өнімдерді тұтынудан және сатудан толық бас тарту туралы өз еркімен шешім қабылдады. Ауыл дүкендерінде алкоголь сатылмайды, ал бұл бастаманы жергілікті тұрғындардың басым бөлігі қолдайды, - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Өз шешімін бекіту мақсатында ауыл тұрғындары алкогольден бас тартуды қолдау үшін қол жинады. Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша Ақсу полиция бөлімі, ауылдық округ әкімдігі және ауыл тұрғындары меморандум жасалды. 

Кездесуге қатысушылар бұл бастаманы жүзеге асыру отбасылық құндылықтарды нығайтуға, құқық бұзушылық деңгейін төмендетуге және жас ұрпақты тәрбиелеуге қолайлы орта қалыптастыруға ықпал ететініне сенім білдірді.

Мұндай іс-шаралар халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға және өңір тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.