9 тамызда Павлодар облысында жаңбыр жауады

Желдің жылдамдығы секундына 9-14, ал кей жерлерде 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, сенбіде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, жаңбыр мен бұршақ жауады. Ауа температурасы +17...+22 °C-қа жылынады.
Павлодарда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз күн болады. Сынап бағанасы күндіз +19...+21 °C-ты көрсетеді.