Павлодар облысында су тасқынымен күресіп жатқандарға көмек берді

Павлодар облысында су тасқынымен күресіп жатқандарға көмек берді
Фото: "AMANAT" партиясының Павлодар облыстық филиалы

Мемлекеттік қызметшілер оқиға орындарында тәулік бойы жұмыс істеуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«AMANAT» партиясының облыстық филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, Д.Д.Махмудов атындағы «Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ төрағасының шешімі бойынша «Халыққа көмек» жобасының аясында су тасқыны салдарымен тәулік бойы күресіп, Жалаулы және Шолақсор ауылдарында құтқару операциясына қатысқандар үшін ыстық түскі ас, ыстық шай, сусындар мен кондитерлік өнімдер кешені жеткізілді.

Басқарма басшысының айтуынша, мұндай жағдайда шетте қалуға болмайды, қиын сәтте күш біріктіру керек.