Павлодарлық оқытушы: Сайлауға қатысу – біздің өкілдер арқылы елді басқару

Гүлнәр Есенова сайланған адам біздің болашағымызға қатысты шешімдер қабылдайтынын атап өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының аға оқытушысы, сайлау құқығы бойынша оқулықтардың авторы және сайлау технологиялары саласындағы жобалардың үйлестірушісі Гүлнәр Есенова сайлауға қатысу маңыздылығы жайлы пікір білдірді.
- Cайлауға қатысу маңызды. Өйткені бұл біздің конституциялық құқығымыз. Мен Қазақстан азаматы болғасын, конституциялық құқығымды пайдаланамын. Біз конституциялық құқығымызды қаншалықты көп білсек, сайлауға қатысу көрсеткіші де соғұрлым жоғары болады. Ал, бұл - азаматтардың ұлттық сайлау жүйесіне сенімінің көрсеткіші, - деді Гүлнәр Есенова.
Гүлнәр Есенова бұл сайлау партиялық тізім бойынша да, бір мандатты округтер бойынша да ең бәсекелі болып отырғанын атап өтті.
- Сайлауға қатысу – біздің өкілдер арқылы елді басқару құқығы. Ертең олар біздің болашағымыз бен балаларымызға қатысты маңызды шешімдер қабылдайды. Сондықтан кімге дауыс беретініңізді білу де маңызды. Сол себепті кімнің депутат болатыны мені бей-жай қалдырмайды, - деді Гүлнәр Есенова.
Оның айтуынша, біз сайлаған адамымыз үшін жауаптымыз, өйткені әлеуметтік желіде сын айту сәнге айналғанымен, ол нәтижелі емес. Өйткені біз виртуалды емес, нақты әлемде өмір сүріп жатырмыз.
- Павлодарлықтар сайлауда қай кезде де белсенділік танытып келеді. 19 наурыз күні бірігіп, әдеттегідей отбасы болып сайлау учаскелеріне келіп, болашағымыз үшін дауыс береміз деп ойлаймын, - деді Гүлнәр Есенова.
Айта кетейік, 19 наурыз күні ҚР Праламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттарын сайлау өтеді.
Фото: ашық дереккөздерден