Павлодарда болашақ аналар арнайы кешке шақырылады

Іс-шараға акушер-гинеколог, психотерапевт және нутрициолог сияқты білікті мамандар қатысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жастар бастамаларын дамыту орталығының мәліметінше, 12 қыркүйек күні сағат 18:00-де болашақ аналарға арналған «Baby Shower Party» кеші өтеді. Бұл шара нәзіктік, қамқорлық және шабытқа толы атмосферада өтетін болады.
Кеш барысында қатысушылар бала күтімі, денсаулық және психологиялық дайындық бойынша білікті мамандармен кездесіп, сұрақтарына жауап ала алады. Іс-шараға келесі сарапшылар қатысады:
- Айгера Айтжан – доула, жүкті әйелдерге арналған йога нұсқаушысы (@doula_center_pavlodar, @aigera_aitzhan);
- Ләззат Бақтыбаева – жоғары санатты психотерапевт (@dr_baktybaeva);
- Айгерім Данкина – акушер-гинеколог, гинеколог-эндокринолог (@doctor_dankina);
- Ольга Гарчук – превентивті және пренаталды нутрициолог (@nutriciolog_garchukolga_pvl).
Кеш бағдарламасында сарапшылармен тікелей сөйлесу, жеңіл фуршет (@bauyrsak_pvl), сондай-ақ, барлық қатысушыларға арналған сыйлықтар және лотерея ойнатылады.
«Baby Shower Party» шарасы @ya_rodilsya_pavlodar-дың қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Орындар саны шектеулі. Қатысу үшін +7 707 665 5803 нөмірі бойынша WhatsApp арқылы жазылу қажет.