«Аялы алақан» марапаты екібастұздықтың еншісінде
Мұндай марапат жылына бір ғана адамға беріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Жуырда Орал қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесінің "Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт" республикалық форумы өтті. Кеңейтілген іс-шараға еліміздің барлық өңірлеріндегі "Аналар кеңесінің" төрайымдары, депутаттар , қоғам қайраткерлері қатысты.
Аталмыш шараға Павлодар облысының атынан Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының басшысы Нағима Әбдірахманова қатысып, жұмыс қорытындысы бойынша "Аялы алақан" марапатына ие болды. Мұндай марапат жылына бір рет еліміз бойынша "Аналар кеңесінің" бір ғана өкіліне беріледі.
Нағима Атайқызының бұл марапаты өздерін үлкен және тату отбасы деп санайтын орталықтың барлық балалар мен ұжымы үшін тосын сый болды.