Павлодар облысында Тәжікістан азаматы жалған куәлікпен шекарадан өтпек болған
Тәжікстан Республикасының азаматы «Қосақ» өткізу пункті арқылы заңсыз жолмен өткен кезінде бақылаушылардың қолына түсті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҰҚК Шекара қызметі Павлодар облысы бойынша департаментінің «Қосақ» (автомобильдік) өткізу пунктінде шет мемлекеттің азаматына қатысты шекаралық бақылау жүргізу кезінде құжатты толық қолдан жасау фактісі анықталды.
– Тәжікстан Республикасы азаматы Ресей Федерациясына кіру жабылғанын біле тұра, Алматы – Новосібір бағыты бойынша шекарадан заңсыз жолмен өткісі келген. Осы мақсатта ол өзгертілген сәйкестендіру деректері бар Қырғыз Республикасы азаматының жалған ID картасын сатып алған, – деді департаментте.
Тәжірибелі бақылаушылар шекаралық бақылаудың техникалық құралдарын пайдалана отырып, бірден жалғандық белгілерін анықтады.
Заң бұзушы өзінің заңсыз жоспарын жүзеге асыра алмады және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткізілген жоқ.
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті