Павлодар ауданында 50 адам «Салқүрең» халық күйін орындады
Павлодар ауданының 95 жылдығы мен Ұлттық домбыра күнін мерекелеу аясында «Күмбірле, киелі домбыра» флешмобы ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Флешмобты Ұлттық домбыра күніне орай аудандық мәдениет бөлімі ұйымдастырды.
– Елімізде тамаша мереке – Ұлттық домбыра күні аталып өтті. Флешмобтың негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды насихаттау, сақтау, көбейту және насихаттау. Балалар ойнаған күйді барлығы жақсы таниды, сондықтан біздің жас таланттарымыз тамаша өнер көрсетті деп ойлаймыз, – дейді мәдениет бөлімінде.
Шараның соңында қатысушылар аудандық мәдениет үйі алаңындағы 95 саны формасында сап түзеп, мерейтойлық датамен құттықтады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram