Павлодар облысында дарынды балаларға арналған мектептерге түсуге құжат қабылдау басталды

Павлодар облысында дарынды балаларға арналған мектептерге түсуге құжат қабылдау басталды

Құжаттар 15 сәуірге дейін қабылданады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық білім беру басқармасының басшысы Самал Айтқазина Instagram желісінде жариялады.

–    Ата-аналар назарына! 1-ші ақпаннан бастап мамандандырылған оқу орындарына түсуге ниет білдірген балалар үшін өтініштерді тіркеу басталады. Барлық қажетті ақпаратты мектептердің сайттарынан табуға болады, – делінген жазбада.

Онлайн-тіркелу және құжаттарды қабылдау www.qabyldau.daryn.kz бірыңғай порталы арқылы жүргізіледі. Одан үміткердің ата-анасы немесе заңды өкілі өтеді.

Тестілеу 5, 7, 10-сыныптарға түсушілер үшін жүргізіледі. Конкурс 15 мамыр мен 15 маусым аралығында өткізіледі.

Сондай-ақ туындаған сұрақтар бойынша білім беру басқармасының байланыс орталығына 8 (7182) 650060, 8 (7182) 320560, 87074916405 телефондары арқылы хабарласуға болады.

Фото: Константин Шелков