Павлодар облысында жолдар рейтингі жүргізілуде

Павлодар облысында жолдар рейтингі жүргізілуде

Өңірлік жолдар басқа аймақтармен салыстырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі

       Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Нариман Омар мәлімдеді.

       – Батыс Қазақстан, Атырау облысымен салыстырған Павлодар өңірінің жолдары едәуір жақсы.  Жол жөндеу жұмысын Баянауыл ауданы және Екібастұз қаласы қажет етеді.  Реттеу алдымен кіре беріс жолдардан басталмақ. Қазірде жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Облыс әкімі оны 2-3 жыл ішінде аяқтауды тапсырды,– деді Нариман Омар.

    Нариман Омар бүгінде облыстық жолдардың қандай нормативтік жағдайда екенін айтты.   

   – Жолдардың  күзгі тексеру қорытындысы бойынша нормативтік жағдайы 93 пайызды құрады. Яғни, жөндеуден және күзгі шолудан кейін жаңа рейтинг, зерттеу болады. Жазғы маусымда облыс көлемінде  жоғары қарқындылық, көлік қозғалысы бар. Жолдың сапасына ауыр жүк машиналары, штаттан тыс жағдайлар әсер етеді,– дейді ол.

      Айта кету керек, өткен жылдан бастап жолдардың сапасын ұлттық сапа орталығы бақылап отырады. 

      Сонымен қатар, басқарма басшысының орынбасары  жолдарда шектеу техникалық нормативке сәйкес тиісті белгілер қойылғанын және осьтік жүктеме бар екенін алға тартты.

     Фото:Өңірлік коммуникациялар қызметі