Екібастұзда көлік карталарын сататын қосымша нүктелер ашылды

Екібастұзда көлік карталарын сататын қосымша нүктелер ашылды
Фото: Константин Шелков

Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін  қосымша орындар ашу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Смарт-Автобус ПВ» ЖШС басшысы Виталий Андреевтің айтуынша, 3 тамыздан 3 қыркүйекке дейін қалада көлік карталарын сатудың қосымша нүктелері жұмыс істейтін болады.

–  Қала тұрғындарына қолайлы болу үшін «Камилла» сауда үйінің бірінші қабатында орналасқан «Аквафор» бутигінде сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін күн сайын, «Өнер» мәдениет орталығында дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (түскі ас 13.00-ден 14.00-ге дейін), «София» сауда үйінің екінші қабатында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (түскі ас 13.00-ден 14.00-ге дейін) көлік карталарын алуға болады, – дейді Виталий Андреев.

Айта кетейік, Ақсу қаласының тұрғындары үшін Әуезов көшесі, 71 мекенжайы бойынша «Уют» дүкенінің құрылыс бөлімінде  стандартты көлік карталарын сататын жаңа нүкте ашылды.