Павлодар облысының бас ветеринары тағайындалды

Павлодар облысының бас ветеринары тағайындалды

Бұл қызметке Айдар Уәлиев келді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Айдар Науқатұлы өзінің мансап жолын 1992 жылы Бурабай шаруашылық меңгерушісінде мал дәрігері болып бастаған. 2014 жылы Павлодар ауданының бас ветеринары болып тағайындалды. Бүгінгі таңда Айдар Науқатұлы Павлодар облысы әкімінің өкімімен облыстық ветеринария басқармасының басшысы болды. 

– Конкурс комиссиясының шешімімен осы лауазымға Уәлиев Айдар Науқатұлы бекітілді, – дейді басқармада. 

Облыс әкімінің орынбасары Серік Батырғожинов жаңа басшыны басқарма ұжымымен таныстырып, жұмыстарына сәттілік тіледі.