Павлодарлық полицейлер самбодан бақ сынады
Дода Конституция күніне орай өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, спорттық сайыс Баянтау спорт кешенінде облыстық полиция департаментінің қызметкерлері мен Қазақстан Республикасы ІІМ Павлодар қаласының оқу орталығының тыңдаушылары арасында ұйымдастырылды.
Жарыста Павлодар облысы ПД арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының бастығы Ерік Төлегенов мұндай жарысты өткізу полицейлерге спорттық шеберліктерін, дағдыларын көрсетуге мүмкіндік беретінін атап өтіп, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарысқа барлығы 12 команда қатысты. Табанды күрес нәтижесінде 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Павлодар облысы ПД қызметкері Мұхтар Аңсар топ жарса, 64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орынды Ақсу қаласы ПБ Ерғабылов Алмаз еншіледі. Ал 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан Республикасы ІІМ Павлодар қаласының оқу орталығынан Төрежан Ордағалиев топ жарсан, 79 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Павлодар облысы ПД-нің командасында белдескен Таңат Сейілов жеңімпаз болды. Сонымен қатар, 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Павлодар облысы ПД-нің командасынан Әділхан Жолдасовқа, 98 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан Республикасы ІІМ Павлодар қаласының оқу орталығынан Нұрдәулет Бәгошев және 98 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Екібастұз қаласы ПБ Қанағат Кәкенов қарсыластарына күштерін мойындатып, бірінші орынды еншіледі.
Бұдан бөлек, арнайы бөлімшелердің қызметкерлері арасында 64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орынды Қасиет Бейсекин, 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қанағат Ыдырышев, 79 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сұлтан Кәкеновке, 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Досмағамбет Болатбек, 98 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Руслан Қаңтарбаев пен Мейірбек Құдұрқұлов үздік атанды.
Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Павлодар облысы ПД командасы, екінші орынды Қазақстан Республикасы ІІМ Павлодар қаласының оқу орталығы, үшінші орынды Ақтоғай ауданы ПБ жеңіп алды.